20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» америкалық шабуылшымен келісімшартқа қол қойды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» америкалық шабуылшымен келісімшартқа қол қойды

«Барыс» хоккей клубы Тайс Томпсонмен біржақты келісімшартқа қол қойғанын ресми хабарлады. Келісім мерзімі – бір маусым, 2026 жылдың 31 мамырына дейін.

1999 жылғы 12 шілдеде туған шабуылшының бойы 185 см, салмағы 88 кг, таяқты оң қолмен ұстайды. Томпсон 2019 жылғы НХЛ драфтында «Нью-Джерси Девилз» клубы тарапынан таңдалған.

Өз мансабының көп бөлігін АХЛ-де өткізген хоккейші өткен маусымда «Бриджпорт» сапында 65 матчта 21 (8+13) ұпай жинады.