20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Анна Стратан әлем чемпионатының 1/2 финалында норвегиялық балуаннан ұтылды

Анна Стратан әлем чемпионатының 1/2 финалында норвегиялық балуаннан ұтылды

Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қыздар арасында 57 келі салмақта қазақстандық Анна Стратан 1/8 финалда қытайлық Жисиванмуды жеңді.

Ширек финалда Анна АҚШ өкілі Кларисса Курешимен кездесіп, қарсыластан 9:2 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Стратан Еуропаның қазіргі чемпионы — норвегиялық Фелиситас Домажевамен белдесті.

Қазақстандық норвегиялықтан 2:12 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, Анна Стратан 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қазіргі қола жүлдегері.