20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ITIA қазақстандық теннисшіге жаза тағайындады

ITIA қазақстандық теннисшіге жаза тағайындады

Күмән расталды, деп жазады, Prosports.kz.

ITF допингке қарсы бағдарламасын басқаратын International Tennis Integrity агенттігі 2024 жылдың наурыз айынан бастап допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстан уақытша шеттетілген қазақстандық ойыншы Арсланбек Айтқұловтың ісіне нүкте қойды. Өткен кезде оның сынамасынан екі тыйым салынған есірткі заты LGD-4033 және «Метилгексанамин» табылды.

ITIA соңғы шешімі: 4 жыл дисквалификация (23.03.2024 — 22.03.2028)