20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 20-24 тамыз аралығында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Қазір қазақстандық спортшылар әлем чемпионатына дейінгі шешуші дайындық кезеңді өткізіп жатыр. Оған Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова қатысты.

Әлем чемпионатында жекелей жаттығуларда ел намысын Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды. Топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай жарыс жолына шығады.

Жекелей сайыста жалпы есеппен 100-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Бұл мәліметті Халықаралық гимнастика федерациясы жариялады. Жүлде жолындағы сайыс аса тартысты болмақ.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Айбота Ертайқызы биыл Сингапурда өткен Азия чемпионатында көпсайыста қола жүлде иеленіп, таспамен орындалатын жаттығуда жеңімпаз атанды. Ал командалық сында күміс медальға қол жеткізді. Ол Универсиадада да үздік үштіктің қатарынан көрінген.

Ал Айым Мейіржанова құрлықтық біріншілікте ұршықтармен орындалатын жаттығуда үшінші орын алды.