20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Алтын доп» номинациясына қатысты Рафинья Диас пікір білдірді

«Алтын доп» номинациясына қатысты Рафинья Диас пікір білдірді

France Football мәліметінше, «Барселона» шабуылшысы Рафинья Диас футболдағы басты жеке марапат — «Алтын доп» алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Менің мансаптық жолымды ескере отырып, салтанатты рәсімге қатысудың өзі — үлкен жеңіс. Бұл менің кәсіби өміріндегі ең маңызды жетістіктердің бірі», — деді футболшы.

Бразилиялық шабуылшы өзінің басты мақсаты марапат алу емес, үздіксіз даму екенін атап өтті. «Кешегіден және өткен маусымнан да жақсы болуға тырысамын», — деді Диас.