19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тоттенхэм капитаны Ромеро клубпен келісімшартын ұзартты

Тоттенхэм капитаны Ромеро клубпен келісімшартын ұзартты

«Тоттенхэм» капитаны Кристиан Ромеро лондондық клубпен төрт жылдық жаңа келісімшартқа қол қойды — команданың ресми сайты хабарлайды.

«Аталантадан» төрт жыл бұрын ауысқан аргентиналық қорғаушы клуб үшін 126 матч өткізіп, 8 гол соқты — өткен маусымда ол команданы Еуропа Лигасындағы жеңіске жетеледі.

«Мен үшін бұл клуб — әлемдегі ең үздігі. Соңғы екі апта ерекше болды: алдымен капитан етіп тағайындау, енді жаңа келісімшарт — бұл керемет шешім», — деді Ромеро.

Бас бапкер Томас Франк ойыншының көшбасшылық қасиеттерін жоғары бағалады: «Қызметкерлер маған оның бұрын-соңды мұндай жақсы жаттықпағанын айтты. Ол керемет формада және команданы алға бастауға дайын».

Капитанның ізінен оң жақ қорғаушы Джед Спенс те клубпен 2028 жылға дейін жаңа келісімшартқа қол қойды.