18.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кристофер Нкунку «Баварияға» ауысуға келісім берді

Кристофер Нкунку «Баварияға» ауысуға келісім берді

Франциялық шабуылшы Кристофер Нкунку «Баварияға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мюнхендіктер 27 жастағы ойыншының өзімен толыққанды келісімге келді.

«Бавария» жалға алуды қалайды, бірақ лондондық «Челси» клубы ойыншыны сатуды көздеп отыр.

Осыған байланысты қазір қос клуб арасында тынымсыз келіссөздер жүріп жатыр. Жартылай қорғаушы бірнеше позицияны жаба алатын ойыншы ретінде қарастырылып отыр.