17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тимофей Скатов Италиядағы турнирде топ жарды

Тимофей Скатов Италиядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 308-орын) Тоди қаласында (Италия) «челленджердің» финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші кездесуде Скатов италиялық Стефано Травальямен (233-орын) кездесіп, 7:6, 0:6, 6:2 есебімен ұтты. Матч 2 сағат 45 минутқа созылды.

Осылайша, Тимофей Скатов чемпион атанды және 12 980 еуро табыс етті. Сондай-ақ қазақстандық 75 рейтингтік ұпайға ие болады.

Еске салайық, бұған дейін турнирде Скатов перулық теннисші Гонсало Буэноны (220-орын), италиялықтар Филиппо Романоны (592-орын) және Джанмарко Феррариді (594-орын) және Монако өкілі Валентин Вашроны (246-орын) жеңген болатын.