17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ахмат» «Крылья Советов» клубынан басым түсті

«Ахмат» «Крылья Советов» клубынан басым түсті

Шешенстанның «Ахмат» клубы Ресей премьер-лигасында екінші матч қатарынан жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы олар Самараның «Крылья Советов» клубынан басым түсті. Матч нәтижесі – 3:1.

Айта кетейік, «Ахматты» қазір Станислав Черчесов жаттықтырады. Ол клуб тізгінін ұстай сала қатарынан екінші ойында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін «Зениттен» үш ұпай алған еді. Ал «Крылья Советов» командасының бас бапкері қызметін Магомед Адиев атқарады.

Екеуі де Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бапкерлері.

Бұл ойында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Максим Самородов та қатысып, 88 минут алаңда өнер көрсетті.