17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық файтер UFC 319 турнирінде The Ultimate Fighter финалында жеңілді

Қазақстандық файтер UFC 319 турнирінде The Ultimate Fighter финалында жеңілді

Чикагодағы UFC 319 турнирінде The Ultimate Fighter реалити-шоуының финалында Әліби Ідіріс Джозеф Моралестен (13-2) жеңілді.

Тұрып соққы жұмсау статистикасы бойынша көрсеткіштер шамалас болды — американдық спортшы қазақстандық файтерден сәл ғана басым түсті. Ідіріс фронткик пен жақын қашықтықта бэкфист әдістерін сәтті қолданғанымен, Моралестің күрес техникасындағы басымдылығы шешуші фактор болды.

Бірінші раундта Моралес партерде үстемдік танытып, тұншықтыру әдісімен жекпе-жекті аяқтауға жақын болды — Ідірісті гонг құтқарды. Екінші раундта денеге сәтті соққы жасағаннан кейін американдық спортшы жекпе-жекті қайта партерге көшіріп, үшбұрышты тұншықтыру әдісін жылдам орындады.

«Мұндай Моралесті біз әлі көрмеген едік», — деді UFC комментаторы Джо Роган жекпе-жектен кейін.

Жеңілгеніне қарамастан, Ідірістің UFC-мен келісімшарт жасасу мүмкіндігі бар — ұйым президенті Дэйна Уайт күрес техникасын жетілдіргеннен кейін қазақстандық спортшыға басқа турнирлерде өзін көрсетуге мүмкіндік бере алады.