16.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жартылай финалға шыққан теннисшілер белгілі болды: Паолини мен Кудерметова кездеседі

Жартылай финалға шыққан теннисшілер белгілі болды: Паолини мен Кудерметова кездеседі

АҚШ-тағы Огайо штатында өтіп жатқан хард беткейдегі WTA-1000 санатындағы Цинциннати турнирінде жекелей сында жартылай финалға шыққан теннисшілер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финалда мына спортшылар өнер көрсетеді: әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швёнтек (Польша, 3), әлемдік рейтингте жетінші орын алған Жасмин Паолини (Италия, 7), WTA рейтингінде 10-шы орында тұрған Қазақстаннан Елена Рыбакина және әлемнің 36-шы ракеткасы ресейлік Вероника Кудерметова.

Жартылай финал жұптары:

  • Елена Рыбакина (Қазақстан, 9) — Ига Швёнтек (Польша, 3)

  • Вероника Кудерметова (Ресей) — Жасмин Паолини (Италия, 7)