16.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эрик Ламела футболдағы мансабын аяқтап, бапкерлікке бет бұрды

Эрик Ламела футболдағы мансабын аяқтап, бапкерлікке бет бұрды

Аргентиналық жартылай қорғаушы Эрик Ламела 33 жасында ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, бапкерлік қызметке ауысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше футболшы бір ғана маусым өнер көрсеткен Грекияның АЕК клубымен қоштасып, келісімшартты бұзды.

Mundo Albiceleste басылымының мәліметінше, Ламела Испанияның «Севилья» клубындағы Матиас Альмейда жаттықтыратын бапкерлік штабқа қосылады.