15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Решфорд Ла Лиганың алғашқы турына қатыспайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Решфорд Ла Лиганың алғашқы турына қатыспайды

«Барселона» шабуылшысы Маркус Решфорд Испания чемпионатының алғашқы турында алаңға шықпайды. Бұл туралы MARCA хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, англиялық футболшының La Liga-ға тіркелу мәселесі әлі толық шешілмеген. Қаржылық «fair play» талаптары мен клубтың әкімшілік рәсімдері аяқталмағандықтан, Решфорд чемпионатқа қатысуға рұқсат ала алмады.

Бас бапкер Ханси Флик пен клуб басшылығы ойыншыны тіркеу мәселесін шешу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Дегенмен, әзірге тек Решфорд қана емес, бірнеше жаңа ойыншы да ресми түрде чемпионатқа тіркелмей отыр.

Еске сала кетейік, «Барселона» 16 тамыз күні Ла Лиганың бірінші туры аясында «Мальоркаға» қарсы ойнайды.