15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлемнің бұрынғы алтыншы ракеткасы Берреттини US Open-нен шығып қалды

Әлемнің бұрынғы алтыншы ракеткасы Берреттини US Open-нен шығып қалды

Әлемнің бұрынғы алтыншы ракеткасы Маттео Берреттини АҚШ-тың Ашық чемпионатына қатыспайды — оның орнын негізгі сеткада америкалық Брэндон Холт алады.

Холттың негізгі сеткаға өтуіне байланысты оның wild card жолдамасы тағы бір америкалық Элиот Спиццириге берілді.

Италиялық теннисші жарақатына байланысты Уимблдон турнирінен бері алаңға шыққан жоқ — US Open Берреттини қатарынан өткізіп алатын бесінші турнир болмақ.