15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Aberdeen швед жас таланты Кенан Билаловичті қатарына қосты

Aberdeen швед жас таланты Кенан Билаловичті қатарына қосты

Шотландиялық Aberdeen клубы швед жастар құрамасының ойыншысы Кенан Билаловичті қатарына қосты, деп хабарлайды клуб баспасөз қызметі.

20 жастағы футболшы IFK Varnamo клубынан ауысып, бес жылдық келісімшартқа қол қойды — трансфер сомасы жарияланған жоқ. Алдыңғы клубында швед ойыншы 40 ойында екі гол соқты.

«Кенанның өзінің келещегі зор мансабындағы келесі қадам ретінде Aberdeen-ді таңдағанына қуаныштымыз. Басқа еуропалық клубтардың қызығушылығына қарамастан, біздің даму жоспарларымыз оны қызықтырды», — деді бас бапкер Джимми Телин.

Aberdeen бапкері трансферлік нарықтағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті — жазғы трансфер терезесі жабылғанға дейін шабуыл желісі мен тағы бірнеше позицияны күшейту басым бағыт болып табылады.