14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

BBC Sport: Астон Вилла жаңа АПЛ маусымында бесінші орынға тұрақтайды

BBC Sport: Астон Вилла жаңа АПЛ маусымында бесінші орынға тұрақтайды

BBC Sport-тың бас футбол шолушысы Фил Макналтидің пікірінше, Бирмингемнің «Астон Вилла» клубы алдағы маусымда ағылшын Премьер-лигасының турнир кестесінде бесінші орынды иеленеді.

Унаи Эмеридің жетекшілігімен өткен маусымда алтыншы орынды иеленіп, соңғы турда Чемпиондар лигасына жолдаманы жіберіп алған команда жоғары позициялар үшін күресін жалғастырады.

Клуб басқа командалардың қызығушылығына қарамастан Морган Роджерсті құрамында сақтап қалуға ниетті. Сонымен қатар, Англия құрамасының шабуылшысы Олли Уоткинстің болашағы белгісіз, ал клуб тәрбиеленушісі Джейкоб Рэмси «Ньюкаслға» ауысуы мүмкін.

Маркус Рэшфорд пен Марко Асенсионың жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін команда құрамына «Ниццадан» 30 миллион фунт стерлингке ивуарлық шабуылшы Эванн Гессан қосылды.