14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХVIII тур ойындары басталады

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХVIII тур ойындары басталады

Аталған тур ойындары 14-15 тамыз күндеріне белгіленген, деп хабарлайды sport12.

Бүгін, 14 тамызда «Ақтөбе-2» мен «Шахтер» (Қарағанды), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен AKAS (Алматы), «SD Family» (Астана) мен «Тараз» ойнайды.

Ал 15 тамызда «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Алтай» (Өскемен), «Түркістан» мен «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар) пен «Жетісай» (Түркістан облысы) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Он сегізтурдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

Аталған матчта Словениядан келген Мартин Матошиге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Александар Касапович мен Матиц Межнар көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Денис Шабанагич болады.