14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астанада таэквондо президентінің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті

Астанада таэквондо президентінің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті

Қазақстанда 75 мыңға жуық адам таэквондо спортымен айналысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев Астанада өткен баспасөз маслихатында Kazinform тілшісіне берген жауабында айтты.

— Қазіргі таңда, таэквондо елімізде бес маңызды спорт түріне жатады. Статистикаға сәйкес, Қазақстанда 75 мыңға жуық адам осы спортпен айналысса, оның ішінде 45 мыңға жуық кәсіби спортшы бар, — деді Шәмиев.

Федерация басшысының айтуынша, елімізде осы спортты дамыту үшін бірқатар нақты қадам жасалып жатыр.

— Қазақстанда таэквондоны дамытуға мүдделіміз. Себебі бұл спорт тәннің ғана емес, жанның да саулығын дәріптейді. Елімізде осы спорт түрін дамыту үшін көптеген шара атқарып жатырмыз. Оның ішінде кино және сериал түсіру, Қазақстанға таэквондоны алғаш алып келген Мұстафа Өзтүрік және таэквондо тарихы туралы кітаптар жазу сияқты жұмыстар бар, — деді ол.

Сөз соңында, федерация басшысы әліде көп жұмыс атқару керек екенін айтып, алдағы уақытта жақсы нәтижеге жетуге көш салуға уәде берді.