14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WBC Grand Prix: Қазақстандық боксшы ширек финалда жеңілді

WBC Grand Prix: Қазақстандық боксшы ширек финалда жеңілді

Санатәлі Төлтаев WBC Grand Prix турнирінің ширек финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы (63,5 кг) ширек финалда 22 жастағы украиналық боксшы Даниил Лозанмен (14-0, 9 КО) кездесті.

Украиналық боксшының қабағы жарылып кетуіне байланысты жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. Төрешілер шешімімен жеңіс Даниил Лозанға бұйырды.

Айта кетейік, әлемдік Гран-При жарысын WBC пен Турки Әл аш-Шейх ұйымдастырып жатыр.