14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирде камбек жасады

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирде камбек жасады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан ATP Challenger санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда ол жергілікті теннисші Филиппо Романомен кездесті. Бастапқы кезең сәтсіз басталғанымен, Скатов матчтың бағытын өз пайдасына бұра алды. Алғашқы сетте италиялық 3:6 есебімен жеңген болатын. Алайда екінші сетте қазақстандық қарсыласына мүлде мүмкіндік бермей, «құрғақ» жеңіске жетті – 6:0. Шешуші тартысты өткен сетті Скатов 6:4 есебімен жеңіске жете алды. Кездесу 2 сағат 7 минутқа созылды.

Енді Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 594-сатыдағы тағы бір италиялық Джанмарко Ферраримен таласады.