13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Санатәлі Төлтаев ширек финалда жеңіліп қалды

Санатәлі Төлтаев ширек финалда жеңіліп қалды

Сауд Арабиясында өтіп жатқан WBC Гран-при бәсекесінің ширек финалында отандасымыз Санатәлі Төлтаев украин боксшысы Данило Лозаннан жеңілді.

Екінші раундта Санатәлі нокдаунға түсті. Алайда алты раундқа жоспарланған жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласының қабағын жарып, оның жекпе-жекті жалғастыруына мүмкіндік бермеді. Соған қарамастан, жеңіс Данило Лозанға жазылды.