13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Зенит» өз алаңында «Рубин» командасын жеңді

«Зенит» өз алаңында «Рубин» командасын жеңді

Футболдан Ресей кубогының РПЛ жолындағы топтық кезеңінің екінші турында Санкт-Петерборлық «Зенит» өз алаңында қазандық «Рубин» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтіп, «Зениттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Алаң иелері сапында Матео Кассиерра дубль жасады – ол 70-минутта есеп ашса, 78-ші минутта пенальтиді голға айналдырды. «Рубин» қақпасына 83-минутта Вадим Шилов үшінші голды соқты. «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда шығып, 88-минутта ауыстырылды.

«Зенит» алты ұпай жинап, А тобында бірінші орынға көтерілді. «Рубин» үш ұпаймен бірінші орыннан екінші орынға түсті. Сондай-ақ бұл топта Ахмат пен Орынбор ойнайды — екі командада әзірге ұпай жоқ.