13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC чемпиондық айқасы қарсаңында екі қарсылас бетпе-бет кездесті

UFC чемпиондық айқасы қарсаңында екі қарсылас бетпе-бет кездесті

UFC-дің үздік файтері Хамзат Чимаев пен орта салмақтағы чемпион Дрикус Дю Плесси жекпе-жек қарсаңында қонақүйде жүздесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чимаев (14-0) пен Дю Плесси (22-2) UFC 319 турнирінде орта салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу үшін күш сынасады.

Тартысты айқас жексенбі, 17 тамыз күні АҚШ-тың Чикаго қаласында өтеді.