13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ливерпуль Парманың жас қорғаушысымен келісімге келді

Ливерпуль Парманың жас қорғаушысымен келісімге келді

Николо Скираның мәліметі бойынша, «Ливерпуль» «Парманың» қорғаушысы Джованни Леонимен 2031 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.

Ағылшын клубы 18 жастағы италиялық ойыншы үшін 35 миллион еуро төлеуге дайын — ойыншыны бір маусымға «Пармаға» қайта жалға беру мүмкіндігі бар.

Өткен Серия А маусымында жас қорғаушы «Парманың» негізгі құрамында 17 матч өткізді.