13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пегула US Open микстіндегі өзгерістерге наразылық білдірді

Пегула US Open микстіндегі өзгерістерге наразылық білдірді

Tennis.com хабарлауынша, Джессика Пегула Томми Полмен бірге өнер көрсететін US Open аралас жұптық турнирінің ұйымдастырылуын сынға алды. Бұған дейін жұптық разрядта әлемнің екінші ракеткасы Катерина Синякова жаңа форматқа қарсы пікір білдірген болатын.

«Микстте ойнау мен үшін үлкен мәртебе, көрермендер үшін тамаша болады. Бірақ ұйымдастыру процесі көңілден шықпады. US Open ұйымдастырушылары форматты біржақты өзгертті — ойыншылармен талқыламай және олардың пікірін ескермей», — деді Пегула.

«Жанкүйерлер қуанышта болады, бірақ кейбір ойыншылар қатысу және ақша табу мүмкіндігінен айырылды. Көптеген ойыншылар үшін бұл табыс тұрғысынан маңызды турнир еді», — деп қосты теннисші.

Турнир 19-20 тамызда өтеді, онда:

  • 8 жұп рейтинг бойынша
  • 6 жұп wild card бойынша
  • 2 жұп кейінірек анықталады