12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Слован» капитаны «Қайратқа» қарсы матчқа қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Слован» капитаны «Қайратқа» қарсы матчқа қатысады

Словакиялық «Слованның» бас бапкерінің көмекшісі Борис Китка команда капитаны Владимир Вайсс-младшийдің жарақатынан айығып, алматылық «Қайратқа» қарсы алаңға шығуға дайын екенін хабарлады.

«Владо командамен бірге толыққанды жаттығып жүр, сондықтан матчқа дайын. Барлық ойыншылар ойнай алады, тек Рахим Ибрагим дисквалификацияға байланысты қатыспайды. Әлі де бастапқы құрам бойынша бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз», — деді Китка Denniksport.sk басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, алғашқы матч 6 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта кездесу 12 тамызда Братиславада (Словакия) өтеді.