12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА Суперкубогының тарихи матчы ертең Удинеде өтеді

УЕФА Суперкубогының тарихи матчы ертең Удинеде өтеді

BBC Sport мәліметінше, Пари Сен-Жермен мен Тоттенхэм Хотспур арасындағы УЕФА Суперкубогы матчы 13 тамызда италиялық Серия А клубы «Удинезенің» үйі — Удинедегі Фриули стадионында өтеді.

25 мың көрерменге арналған Фриули стадионы 2012 жылы турнир Монакодан кеткеннен бері бұл беделді матчты қабылдайтын 13-ші арена болады. Чемпиондар Лигасының жеңімпазы ПСЖ мен Еуропа Лигасының жеңімпазы Тоттенхэм — екі клуб та бұл трофей үшін алғаш рет таласады.

Трофейдің қазіргі иегері — өткен жылы Аталантаны 2:0 есебімен жеңген Реал Мадрид. Алдағы матчтың жеңімпазы 5 миллион еуро, ал финалист 4 миллион еуро көлемінде жүлде ақша алады.

УЕФА Суперкубогы Еуропаның ең күшті клубын анықтау үшін құрылған — алғашқы матч 1972 жылы Аякс пен Рейнджерс арасында өтті. Мадридтік Реал турнир тарихындағы ең табысты клуб болып табылады — оның еншісінде алты жеңіс бар.