12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Болат Есмағамбетов: «Ордабасы» бапкері дұрыс жұмыс істеп жүрген жоқ

Болат Есмағамбетов: «Ордабасы» бапкері дұрыс жұмыс істеп жүрген жоқ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Болат Есмағамбетов Sport Pulse YouTube арнасына берген сұхбатында «Ордабасы» футбол клубының жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Ордабасының» нәтиже көрсетпей жатқанын көре тұра, бапкерге әлі күнге дейін мүмкіндік беріп отырғанына таң қаламын. Осы уақытқа дейін талай рет байқадым, шетелдік бапкерлерге өте көп мүмкіндік береді, ал өзіміздің отандық бапкерлер екі-үш ойын қатарынан жеңілсе, бірден «қоштасайық» деп айтады. Өзім бапкер болған соң мұны жақсы білемін. «Ордабасы» бапкері дұрыс жұмыс істеп жүрген жоқ, ал басшылығы сапалы ойыншылар алған жоқ деп ойлаймын», — деді ол.

Айта кетейік, «Ордабасы» соңғы бес ойынның үшеуінде тең түсіп, біреуінде жеңіліп, біреуінде ғана жеңіске жеткен.