11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ESPN Мохамед Салахты ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы деп атады

ESPN Мохамед Салахты ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы деп атады

ESPN мәліметтері бойынша, Мохамед Салах жаңа маусым алдында ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншылары рейтингінде көш бастады.

Тізімді құрастыру барысында сарапшылар үш негізгі факторды ескерді — футболшының алаңдағы тиімділігі, ойын уақытының көлемі және алдыңғы маусымдардағы тұрақты өнер көрсетуі. Рейтингке осы жазда «Ливерпуль» құрамына қосылған Флориан Виртцтен басқа лиганың жаңа ойыншылары енгізілмеді.

Көшбасшылар үштігі:

  • Мохамед Салах («Ливерпуль»)
  • Коул Палмер («Челси»)
  • Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

Алғашқы ондыққа сондай-ақ «Арсеналдан» Букайо Сака, «Ньюкаслдан» Александер Исак, «Ливерпульден» Вирджил ван Дейк, «Арсеналдан» Деклан Райс, «Ньюкаслдан» Бруно Гимараэс, «Манчестер Юнайтедтен» Бруну Фернандеш және «Арсеналдан» Вильям Салиба енді.