11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

СКА-ның бұрынғы бапкері Панариннің алғашқы конькиін алу тарихын айтты

СКА-ның бұрынғы бапкері Панариннің алғашқы конькиін алу тарихын айтты

Стэнли Кубогының жеті дүркін иегері Барри Смит ресейлік хоккейші Артемий Панариннің қалыптасу тарихын әңгімеледі, деп хабарлайды «Хоккей на Кинопоиске» телеграм-арнасы.

Жастық шағында Панарин анасымен бірге Челябі маңындағы ауылда әжесі мен атасының үйінде тұрған — отбасы қаржылық қиындықтарға тап болса да, бала хоккейші болуды армандаған.

«Менде жоқтан бар болып, жұлдызға айналған ойыншы туралы әңгіме бар. Ол автобус жүргізушісіне жол ақысын беретін, бірақ жүргізуші оны алмайтын. Жүргізуші ақшаны конвертке жинап, маусым соңында оған қайтарып берді. Осы ақшаға Артемий алғашқы конькиін сатып алды», — деді Смит.

Бүгінде Панарин — жылына 11 миллион доллардан астам келісімшарты бар «Нью-Йорк Рейнджерс» командасының көшбасшыларының бірі және NHL Network нұсқасы бойынша НХЛ-дің үздік қанат шабуылшыларының ондығына кіреді.