11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кенжебектің дублі «Елімайға» маңызды жеңіс сыйлады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Кенжебектің дублі «Елімайға» маңызды жеңіс сыйлады

Семейде өткен Премьер-лиганың 20-туры аясында «Елімай» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Қонақтар есепті 27-минутта Жайро Жанның пенальтиден соққан голымен ашты. Екінші тайм басында алаң иелері де 11 метрлікті сәтті орындады — Ғалымжан Кенжебек қақпашыға еш мүмкіндік қалдырмады.

Арада он минут өткен соң Кенжебек Фессу Плакканың пасын голға айналдырып, дубль жасады және командасына жеңіс әкелді.

Бұл нәтижеден кейін «Елімай» 32 ұпаймен турнир кестесінің бесінші сатысына көтерілді. «Ақтөбе» 33 ұпаймен төртінші орында қалды.