11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайсар» мен «Ордабасы» ұпай бөлісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайсар» мен «Ордабасы» ұпай бөлісті

Қызылордада өткен Премьер-лиганың 20-туры аясындағы ойында «Қайсар» мен «Ордабасы» тең түсті — 1:1.

Бірінші таймда алаң иелері есеп ашуға мүмкіндік алды, алайда Айбар Жақсылықов пенальтиден қақпашыны өткере алмады. Дегенмен, бірнеше минуттан соң «Қайсар» тағы бір 11 метрлік соққыға ие болып, бұл жолы шабуылшы мүлт кеткен жоқ.

Екінші таймда қонақтар қысымды күшейтіп, 76-минутта Никола Антич таразы басын теңестірді. Қалған уақытта есеп өзгермеді.

Осы тең нәтижеден кейін «Қайсар» 18 ұпаймен 11-орында қалды, ал «Ордабасы» 28 ұпаймен жетінші сатыда тұр.