10.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жеті қазақстандық боксшы Азия жастар чемпионатының финалында күш сынасады

Жеті қазақстандық боксшы Азия жастар чемпионатының финалында күш сынасады

Бангкокта World Boxing қолдауымен өткізіліп жатқан алғашқы құрлықтық U-19 Азия жастар бокс чемпионатының финалдық кездесулері өтеді.

Жеті қазақстандық боксшы шешуші жекпе-жектерге шығады, жарыс Астана уақытымен 09:00-де басталады. Әйелдер арасында Аяжан Ермек пен Құралай Егінбайқызы алтын медаль үшін Үндістан өкілдерімен кездеседі.

Ерлер бәсекесінде Әділет Төртөбек Иран боксшысымен жұдырықтасса, Бейбарыс Ашырбай, Тимур Тайбеков және Нұрсұлтан Қыстаубай Өзбекстан спортшыларымен кездеседі. Расул Асанханов Үндістан боксшысымен шаршы алаңға шығады.

Финалдық жұптар тізімі:

  • Әйелдер, 57 кг: Аяжан Ермек — Мускан (Үндістан)
  • Әйелдер, 80 кг: Құралай Егінбайқызы — Критика Васан (Үндістан)
  • Ерлер, 60 кг: Әділет Төртөбек — Али Чехрегани (Иран)
  • Ерлер, 70 кг: Бейбарыс Ашырбай — Абдулазиз Джуракулов (Өзбекстан)
  • Ерлер, 80 кг: Тимур Тайбеков — Норбек Абдуллаев (Өзбекстан)
  • Ерлер, 85 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай — Самир Собиров (Өзбекстан)
  • Ерлер, 90 кг: Расул Асанханов — Хемант Сангван (Үндістан)