09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жәнібек Әлімханұлы аңызға айналған Канело Альваресқа қарсы шықты

Жәнібек Әлімханұлы аңызға айналған Канело Альваресқа қарсы шықты

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен (63-2-2, 39 КО) рингте кездесуге ниет білдірді.

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) қалаулы қарсылас туралы жазбасына қазақстандық боксшы нақты жауап қалдырды:

«Мен Канеломен жұдырықтасқым келеді!»

Қазіргі уақытта Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, ал Альварес — екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион. Мексикалық боксшы қыркүйекте жеңілмеген америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жекпе-жек өткізуге дайындалуда.