08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сабина Жақсылық жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сабина Жақсылық жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Сабина Жақсылық қола медаль иегері атанды.

Салмағы 80 келіден жоғары санатта сынға түскен спортшымыз жартылай финалда үндістандық Парчи Токаспен кездесті. Алғашқы раунд Сабинаның пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Алайда екінші үш минуттықта қарсыласы басымдық танытып, оны төрешілер бірауыздан жеңімпаз деп тапты. Шешуші раундта да Токас жеңісті жұлып әкетті — 3:2.

Осылайша, Парчи Токас финалға жолдама алды, ал Сабина Жақсылық Азия чемпионатын қола жүлдемен қорытындылады.