08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Оливейра UFC 317-дегі Топуриямен жекпе-жекте кеткен қателіктерін мойындады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Оливейра UFC 317-дегі Топуриямен жекпе-жекте кеткен қателіктерін мойындады

UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейра 2025 жылдың маусым айының соңында өткен UFC 317 турнирінде Илиа Топуриядан алған жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

«Көптеген қимылдарды, түрлі соққыларды, тейкдаундар мен комбинацияларды пысықтадым. Бірақ жекпе-жек басталғанда тек өзімді көрсетуге тырыстым. Қол күшіме, нокаут жасайтын мүмкіндігіме тым қатты сеніп қалдым. Идеалды сәтті күте бердім, бірақ Илиа менен әлдеқайда жылдам болды. Ол уақытты бос өткізбей әрекет етті. Жекпе-жекке деген жоспары әлдеқайда мықты болды. Ол барынша құрметке лайық», — деді Оливейра Bloody Elbow басылымына.

Топурия үшін бұл жеңіс мансабындағы ең маңызды жетістіктердің бірі болып, оның жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер ретіндегі мәртебесін күшейтті. Айта кетейік, қазан айында Оливейра қазақстандық Рафаэль Физиевпен жекпе-жек өткізеді.