08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді

9 тамызда Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық күрес турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Оған Қазақстан құрамасынан бірнеше балуан қатысады. 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан белдеседі.

Оның қарсыластары – ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.

79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсылас болады.

65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен белдеседі.

Сондай-ақ, кардта өзге де жекпе-жектер бар.