08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Путинцева АҚШ-тағы жарыстан шығып қалды

Путинцева АҚШ-тағы жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 46-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева бірінші айналымда мексикалық Рената Заразуамен (68-орын) кездесіп, үш сетте жеңілді — 6:3, 4:6, 2:6. Осылайша Юлия бұл турнирдегі жолын аяқтады. Айта кетейік, бұл оның қатарынан алтыншы жеңілісі болды: қазақстандық жекелей сында соңғы жеңісіне маусым айының ортасында қол жеткізді.

Биыл Цинциннатидегі WTA турнирінің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар алады, сонымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.