08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Лозанна» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Астананы» ұтты

«Лозанна» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Астананы» ұтты

Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық «Лозанна» өз алаңы «Стад-де-ла-Тюильерде» «Астананы» 3:1 есебімен жеңді.

Поляк төреші Лукаш Кужманың басшылығымен командалар келесі құраммен шықты:

  • «Лозанна»: Летица, Муанга, Дюссен, Окох, Поати, Кустодио, Роч, Дьяките, Лекуэйри, Сене, Батлер-Оедеджи
  • «Астана»: Мұхаммеджан Сейсен, Вороговский, Марочкин, Казуколовас, Бартолец, Аманович, Калица, Камара, Башич, Эбонг, Чинеду

24-ші минутта Джейми Рочтың алыстан соққан добы қонақтар қақпашысын таң қалдырып, есеп ашылды. Үзіліс алдында қорғаушының қателігінен кейін Кали Сене қақпашымен бетпе-бет шығып, гол соқты. Екінші таймда Альбан Айдини үшінші голды соқса, ойын соңында Иван Башич жұбаныш голын соқты.

Қарымта кездесу бір аптадан соң Астанада өтеді — келесі кезеңге жолдама астаналық клуб алаңында шешіледі.