07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

France Football атақты Kopa Trophy жүлдесіне үміткерлерді жариялады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
France Football атақты Kopa Trophy жүлдесіне үміткерлерді жариялады

France Football журналы 21 жасқа дейінгі ең үздік футболшыға берілетін дәстүрлі Kopa Trophy жүлдесінің 2025 жылғы номинанттар тізімін жариялады.

Үздік үштікті «Алтын доп» иегерлері дауыс беру арқылы анықтайды. Үміткерлер тізімін France Football редакциясы жасақтаған.

2025 жылғы үздік жас футболшы атағына үміткерлер тізімі:

  • Пау Кубарси («Барселона», Испания)
  • Айюб Буадди («Лилль», Франция)
  • Дезире Дуэ («ПСЖ», Франция)
  • Эстевао («Челси», Бразилия)
  • Дин Хейсен («Реал Мадрид», Испания)
  • Майлз Льюис-Скелли («Арсенал», Англия)
  • Родриго Мора («Порту», Португалия)
  • Жоау Невеш («ПСЖ», Португалия)
  • Ламин Ямаль («Барселона», Испания)
  • Кенан Йылдыз («Ювентус», Түркия)

Айта кетейік, 2024 жылы бұл жүлдені Ламин Ямаль жеңіп алған болатын. Биыл да ол басты фавориттердің қатарында.

Салтанатты марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте Парижде өтеді, сол кеште 2025 жылдың «Алтын добы» иегері де белгілі болады.