07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады

10–18 тамыз аралығында Қытайдың Харбин қаласында Азияның жасөспірімдерге арналған мәнерлеп сырғанау лагері (Asian Figure Skating Youth Camp) өтеді. Іс-шараны Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК), Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) және “Азия балалары” халықаралық комитеті (CAIC) бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Лагерь OCA/OS континенттік бағдарламасы аясында өткізіледі. Оның басты мақсаты – Азия құрлығында мәнерлеп сырғанау спортын дамыту және қолдау.

Жиынға Азия елдерінен 2009–2013 жылдар аралығында туған жас спортшылар қатысады. Қазақстан атынан Екатерина Доставалова мен Семен Резник өнер көрсетеді.