07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тоттенхэм» жұлдызы Сон Хын Мин америкалық клубқа ауысты

«Тоттенхэм» жұлдызы Сон Хын Мин америкалық клубқа ауысты

«Лос-Анджелестің» ресми сайтының хабарлауынша, Сон Хын Мин америкалық клубпен келісімшартқа қол қойды — келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды және оны екі қосымша мерзімге ұзарту мүмкіндігі бар.

33 жастағы Оңтүстік Корея құрамасының жартылай қорғаушысы Лондонның «Тоттенхэм» клубынан кетіп, МЛС-тің «Лос-Анджелес» командасына ауысты.

«Мен әлемдегі ең танымал спорт қалаларының бірінде орналасқан үлкен мақсаттары бар «Лос-Анджелеске» қосылғаныма өте мақтанамын. Лос-Анджелестің чемпиондар тарихы бай, мен жаңа тарау жазуға көмектесу үшін осындамын», — деді Сон Хын Мин.