07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шотландиялық қақпашы Ангус Ганн Ноттингем Форестке ауысты

Шотландиялық қақпашы Ангус Ганн Ноттингем Форестке ауысты

«Ноттингем Форесттің» ресми сайтының мәліметінше, клуб қақпашылар қатарын толықтырды — команда Ангус Ганнмен келісімшартқа отырды.

Шотландиялық қақпашы «орманшылар» қатарына еркін агент ретінде қосылды — футболшымен бір жылдық келісімшарт жасалды.

Шотландия ұлттық құрамасын білдіретін Ангус Ганн өткен маусымда «Норвич» сапында өнер көрсетті — 29 жастағы қақпашы Чемпионшипте 35 ойын өткізді.