06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дархан Қызайбай Азия боксында – қаржыға жауапты жетекші

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дархан Қызайбай Азия боксында – қаржыға жауапты жетекші

Бангкокте өткен Азия бокс федерациясының кезектен тыс Конгресінде құрылымның жаңа басшылық құрамы бекітілді. Қазақстандық бокс атынан вице-президент Дархан Қызайбай Asian Boxing директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар Қызайбайға қаржы және аудит комиссиясының төрағалығы сеніп тапсырылды. Бұл — жаңадан құрылған ұйымның ішіндегі ең маңызды міндеттердің бірі.

Азия боксындағы ең жоғары лауазымға Өзбекстан өкілі тағайындалды: елдің бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сакен Полатов Asian Boxing вице-президенті болып сайланды.

Осылайша, World Boxing ұйымының қайта құрылуы аясында Орталық Азия елдерінің өкілдері құрлық боксында айтарлықтай ықпалға ие бола бастады.