06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футболдан әуесқойлар лигасының финалы Талдықорғанда өтеді

Футболдан әуесқойлар лигасының финалы Талдықорғанда өтеді

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған футболдан Қазақстанның әуесқойлар лигасының финалдық кезеңі Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан футбол федерациясы қолға алған бұл жаңа жоба үлкен футболдың 11/11 форматы бойынша өтуде. Жарыс екі кезеңнен тұрады: алдымен әр өңірде іріктеу матчтары өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.

Финалдық кезеңде еліміздің 20 өңірінің үздік 20 командасы бас жүлдені сарапқа салады. Қазіргі таңда Қостанай, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстары өз чемпиондарын анықтап үлгерді, ал қалған аймақтарда іріктеу ойындары жалғасуда.

Жалпы, биылғы маусымда әуесқойлар лигасына 268 команда тіркелген. Жеңімпаз атанған клуб алдағы маусымда кәсіпқой клубтар арасында Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Финалдық кезең 1-10 қазан аралығында Талдықорғанда өтеді.