06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Санжаралы Бегалиев Азия чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Санжаралы Бегалиев Азия чемпионатының финалына шықты

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжаралы Бегалиев финалға жолдама алды.

80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы жартылай финалда үндістандық Анкушпен кездесіп, үш раунд бойы айқын басымдық танытты. Төрешілер бірауыздан жеңісті Бегалиевке берді.

Енді отандасымыз алтын медаль үшін шешуші жекпе-жекке шығады. Қарсыласы кейінірек анықталады. U22 санатындағы финалдық жекпе-жектер 11 тамыз күні өтеді.