06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Монреальдегі турнирдің финалына шығу үшін канадалық теннисшімен күреседі

Елена Рыбакина Монреальдегі турнирдің финалына шығу үшін канадалық теннисшімен күреседі

WTA рейтингінде 12-орында тұрған Елена Рыбакина Монреальдегі беделді турнирдің жартылай финалдық матчына дайындалуда.

Қазақстандық теннисшінің қарсыласы әлемдік рейтингте 85-орында тұрған Канада өкілі Виктория Мбоко болады — кездесу Астана уақытымен 03:00-де басталады.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы финалда Наоми Осака мен Клара Таусон жұбының мықтысымен кездеседі.

Жүлде қоры 5,1 миллион доллардан асатын Монреаль турнирінің жеңімпазы 752 мың доллар мен мың рейтингтік ұпай алады. Жарыстың қазіргі жеңімпазы — соңғы екі турнирді ұтқан америкалық Джессика Пегула.