05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик пен Джейк Пол арасындағы ММА жекпе-жегі өтуі мүмкін

Усик пен Джейк Пол арасындағы ММА жекпе-жегі өтуі мүмкін

Ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы Александр Усиктің келесі жекпе-жегі Джейк Полға қарсы өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы украиналық боксшының команда директоры Сергей Лапин мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz..

Оның айтуынша, команда бірнеше нұсқаны қарастырып жатқанымен, басты назар спорттық мәні мен көрермен қызығушылығы жоғары жекпе-жекке аударылған. Сол себепті олар бокс емес, ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын.

«Көптеген спортшылар Джейк Полды жекпе-жекке шақырды. Бірақ біздің жағдайда бәрі басқаша. Біз боксты емес, ММА ережесін қарастырып отырмыз. Мұнда мүмкіндіктер теңдей: Джейктің бұл спортта тәжірибесі бар, ал Александрға бейімделу қажет. Бұл үлкен аудитория жинайтын шоудың негізі болмақ. Қазір келіссөз жүріп жатыр. Егер барлығы ойдағыдай болса, жекпе-жек келесі жылдың басында өтуі мүмкін», — деді Лапин.

Айта кетейік, жақында ғана Усик британдық Дэниел Дюбуаға қарсы айқаста жеңіске жетіп, суперауыр салмақта абсолют чемпион атанған болатын.