05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды

Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 305-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда отандасы, әлемдік рейтингіде 221-орындағы Дмитрий Попкомен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Скатов 6:4, 6:4 есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы да Т.Скатов 6:2, 7:5 есебімен басым түсті. Бір сағат 37 минутқа созылған бәсекеде ол 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттан шашау шығармады. Попко 8 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тек екеуін пайдаланды.