05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакинаның бапкері спортшыны бірінші орынға шығару жоспарын жария етті

Рыбакинаның бапкері спортшыны бірінші орынға шығару жоспарын жария етті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы италиялық маман Давиде Сангвинетти өз шәкіртімен жұмыс жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Championat.com.

Қазіргі уақытта мен бағыттаушы рөлін атқарып отырмын — мен оның командасына ақпанда, алдын ала дайындықсыз кірдім. Ол маған не істегенін шамамен айтып берді. Менің өзіндік жұмыс әдісім болғандықтан, екі жылдық ынтымақтастықты сұрадым, — деді бапкер.

Италиялық маман алдағы екі маусымға нақты мақсаттар белгіледі — бірінші жылы спортшының рейтингтегі позициясын алтыншы орынға дейін жақсарту, ал екінші маусымда оны әлемдік рейтингтің бірінші сатысына шығару жоспарланып отыр.

Оның барлық қажетті әлеуеті бар, — деп атап өтті Сангвинетти.